$ 494.87  520.65  4.91

Мұнай өнімдерін теңіз арқылы шетелге заңсыз шығарғандар ұсталды

Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Мұнай өнімдерін теңіз арқылы шетелге заңсыз шығарумен айналысқандар ұсталды. Түркістан мен Маңғыстау облыстарында жедел-тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті "А" арнаулы мақсаттағы қызметі Түркістан облысының прокуратурасымен өзара әрекеттесе отырып, қазақстандық мұнай өнімдерін шетелге, оның ішінде теңіз арқылы заңсыз шығару арнасының жолын кесті.

Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, - делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары