21.07.2023, 09:20

Еркін күрес: Ерхан Бексұлтанов Азия чемпионы атанды

Фото: Күрес түрлері федерациясы
Жарыстың соңғы күні Қазақстан 4 медаль иеленді.

Иорданияның астанасы – Амман қаласында күрес түрлеріненАзия чемпионатының (U15&U20) соңғы күні U20 еркін күрестен 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, балуандарымыз ел қоржынына 4 жүлде салды.

Атап айтар болсақ, 74 келіде сынға түскен Ақмола облысының балуаны Ерхан Бексұлтанов финалда Иран елінің өкілі Хосейн Аббас Мұхаммадты 10:0 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды.

Бұдан бөлек 61 келіде сынға түскен Әбдінұр Нұрланбек кореялық Хун Минді 8:1, 86 келідегі Иманғали Қалдыбек өзбек Искандарбек Тожибоевты 4:2 және 92 келідегі Нұрдәулет Бекенов моңғол Делгердалай Демберелді 12:0 есебімен ұтып, құрлық чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте қола жүлдегер атанды.