21.07.2023, 10:20

Көкшетауда бойжеткен мектеп ауласында асылып қалған

Фото: gov.kz
Ол Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған бойжеткеннің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы шілденің 20-да сағат 9:50 Әуелбеков көшесі 177 мекенжайы бойынша орналасқан №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.

Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзін өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде, - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.