$ 514.65  544.6  5.17

Жамбыл облысында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Меркі ауданындағы 941 гектар қант қызылшасы зардап шеккен.
Фото: azattyg. ruhy
Фото: azattyg. ruhy

Жамбыл облысы Меркі ауданының диқандары көмек сұрайды. Олардың айтуынша, егіс алқаптары тіршілік нәрінен таршылық көріп отыр, деп хабарлайды Алматы арнасы. 

Жамбыл облысы бойынша алты ауданда қуаңшылық болып жатыр. Меркі ауданындағы 941 гектар қант қызылшасы зардап шеккен. Егін егіп нәпақа таппақ түгілі дихандар жерге салған ақшаның желге ұшқанына қапалы. «Субсидия сұры нашар, тіршілік нәрінен тамшы бұйырмай» отыр дейді жұртшылық. Тіпті жергілікті әкімдікке қуаңшылыққа байланысты  төтенше жағдай жариялап, тым құрығанда зая кеткен қаржының орнын толтырып беруді сұрайды.

Қызылша егіңдер деген соң, көрдік, 6 гектар шықпай қалды. Жер де өз атымызда емес, жалға алдық. Жүгері де шықпай қалды, – деді диқан Сансызбай Иманбетов.

Құрғақшылық боп жатыр. Техниканың бәрін несиеге алғанбыз. Бәрі қымбат. Үкіметтен көмек болса, ақшаның бәрін жерге құйып отырмыз, – деді диқан Зарина Ниязова.

Меркі ауданының су жүйесі көршілес Қырғыз мемлекетіне тәуелді. Келісімге сәйкес, 1,5 текшеметр су келуі тиіс, бірақ биыл бір шелек су да келмепті. Оның себебі – тау басына тақия боп тұрған мұздықтардың ерімеуі. Жағдай ушыққан соң күні кеше министрліктен құрылған комиссия тобы Жамбыл жеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп кетіпті. Шығын көлемі көп деп танылса төтенше жағдай жариялануы мүмкін.

«Министрліктен құралған жұмыс тобы келіп кетті. Ол тек қана Меркі ауданын емес бүкіл Жамбыл облысында жұмыс істеп кеше аяқтады. Біздің ауданда да қаншама зардап шеккен шаруалармен кездесті. Олардың алқабын көріп кетті. Енді анықтама негізінде шешім үкіметтен қаралу қажет болады», – деді Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков.

Әкімдік төтенше жағдай жариялауға қауқарсыз. Ендігі кезекте шаруалардың үкіметке үкідей үміт артудан басқа амалы жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары