Алматы облысында бөгет бір тәулікте қалпына келтірілді. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында.
Ведоство мәліметінше, бөгеттен 7 камаз ағаш діңі мен 15 камаз үйінді шығарылды. ТЖМ Талғар бөгеті Талғар қаласынан 5 км жерде орналасқанын, бөрене ұстағыш Талғар бөгетінің үстінде 350 метр қашықтықта екенін атап өтті. Бөрене ұстағыштың ұзындығы - 5,5 метрді, ені - 5,5-6 метрді құрайды. Бөгет жоғарғы бьефтен қойтастармен нығайтылған.
Бөрене ұстағыштың негізгі қызметі бөренелерді, ағаш тамырлары мен діңдерін, бұтақтарды және басқа қалқымалы қоқыстарды ұстау болып табылады, - делінген ресми хабарламада.
Ведомство дерегінше, Іле-Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалы өз күштерімен шұңқырды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта су ағыны транзиттік режимде өтуде.
ТЖМ ақпаратынша, 2023 жылғы 21 шілдеде болған сел ағынының өтуі салдарынан бөрене ұстағыштың су өткізгіш құрылымы бітеліп, жер бөгетінің оң жағын шайып өтті. 2023 жылғы 22 шілдеде сағат 00.30-да ұзындығы 5,5 метр, ені 3 метр, тереңдігі 1,2 метр, көлемі 20 текше метр болатын шұңқыр пайда болды.