$ 474.72  515.17  5.58

Елена Рыбакинаның WTA жаңартылған рейтингіндегі орны қандай

Жібек Құламбаева жеті орын жоғарылап, 179-орында тұр.
фото: Қазақстан теннис федерациясынан
фото: Қазақстан теннис федерациясынан

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Үздік үштік өзгеріссіз қалған: бірінші орында польшалық Ига Швёнтек, одан кейін беларус Арина Соболенко және Қазақстан өкілі Елена Рыбакина. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екі орын жоғары көтеріліп, 58-орынға жайғасты.

Жұптық сында бұрынғыша Катерина Синякова, Барбора Крейчикова (екеуі де — Чехия) және Джессика Пегула (АҚШ) үздік үштікте тұр. Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина 25-орында, Рыбакина – 107. Жібек Құламбаева жеті орын жоғарылап, 179-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары