Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үздік үштік өзгеріссіз қалған: бірінші орында польшалық Ига Швёнтек, одан кейін беларус Арина Соболенко және Қазақстан өкілі Елена Рыбакина. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екі орын жоғары көтеріліп, 58-орынға жайғасты.
Жұптық сында бұрынғыша Катерина Синякова, Барбора Крейчикова (екеуі де — Чехия) және Джессика Пегула (АҚШ) үздік үштікте тұр. Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина 25-орында, Рыбакина – 107. Жібек Құламбаева жеті орын жоғарылап, 179-орында тұр.