$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында құны 12 млн теңгеге жуық мұнай өнімін ұрлағандар ұсталды

Белгілі болғандай, аталған серіктестік жанар-жағармай сату стансасымен мұнай өнімдерін сатып алу келісімшартына қол қойған.
Фото: economics.unian.net
Фото: economics.unian.net

Қарағанды облысында құны 12 миллион теңгеге жуық болатын мұнай өнімін жымқырған ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне мұнай өнімдерін көтерме жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы арызданды. Белгілі болғандай, аталған серіктестік жанар-жағармай сату станциясымен мұнай өнімдерін сатып алу келісімшартына қол қойған. Бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу барысында 11 миллион 893 мың теңге ақша жетіспеушілігі анықталған, – делінген хабарламада.

Бұл іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы және 40 жастағы ауыл тұрғындары ұсталды.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары