$ 439.43  473.31  4.82

СҚО-да жасөспірімді зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қазіргі уақытта күдікті ер адам қамауда отыр.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жастағы қызды зорлау туралы арыз осы жылдың 4 мамырында Петропавл қаласының полиция басқармасына түседі.

Полиция қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті ер адам қамауда отыр.

Аталған факт бойынша тиісті сараптамалар және қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Оқиғаға қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген баспасөз хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары