$ 444.14  477.05  4.85

Геннадий Головкин Қазақстанға келе жатыр

Бұл туралы боксшы Сұлтан Зәуірбек хабарлады.
Фото: Erick W. Rasco /Sports Illustrated/Getty Images
Фото: Erick W. Rasco /Sports Illustrated/Getty Images

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы – қазақстандық Геннадий Головкин еліне оралады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Елге Гена ағамызбен қайттық! Оның DAZN арнасынан менің жекпе-жегімді көргеніне қуаныштымын», - деп жазды боксшы Сұлтан Зәуірбек Instagram-парақшасында. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек Эдинбургте (Шотландия) испаниялық Джон Картермен (15-1-1, 7 КО) жекпе-жекте үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, бұған дейін 41 жастағы Головкин кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін екені хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары