Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» басшысының бұрынғы орынбасары қамауға алынғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол Кербұлақ ауданындағы Малайсары ауылының кіреберіс автожолына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деген күдікке ілінді деп жазады Хабар 24.
Экс-шенеунік осылайша мемлекетке 37 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірген.
Қазір осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 4-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жетісу облыстық прокуратурасының хабарлауынша, қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.