$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте 7 жасар бала екінші қабаттан құлап, көз жұмды

Москит торлар жеңіл болғандықтан, бала салмағын көтере алмаған.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға 24 шілдеде Есіл көшесінің бойында болған, деп жазады Оtyrar.kz.

Құтқарушыларға жеті жасар баланың екінші қабаттан құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Бала аса ауыр дене жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

Баланың анасының айтуынша, ол дәретханаға кіріп кеткен сәтте бала балконға шығып, артынша құлап кеткен.

Москит торына сүйенген балалар оның қауіпті екенін түсіне бермейді. Москит торлар жеңіл болғандықтан, бала салмағын көтере алмай, баламен бірге құлап кетеді. Қайғылы оқиғаның алдын алып, терезе қатты ашылмайтын етіп арнайы бекіткіштер орнатыңыз, – дейді ТЖД бөлім меңгерушісі Ирисмат Махмудов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары