25.07.2023, 18:00

Қарағандыда жаппай төбелес ұйымдастырмақ болған 42 адам ұсталды

Фото: Polisia.kz
Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы автотұрақтардың бірінің маңында бір топ жастың бұзақылық әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы жазды.

Ведомствоның хабарлауынша, полицияға 42 адам жеткізілді, оның 11-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Ұсталғандардан пышақ, тапаншаға ұқсас зат, кастет және 7 көлік тәркіленді.

Көліктер полиция басқармасының автотұрағына қойылды. Ведомство мәліметінше, ҚК 293-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде.