$ 498.34  519.72  4.85

Ұлттық сараптама орталығы басшысының бұрынғы орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

Бұл жөнінде ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.
Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz

Ұлттық сараптама орталығы төрағасының бұрынғы орынбасары Сәдуақас Байғабылов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жөнінде ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.

2023 жылғы 14 шілдеде ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК базасында оның филиалдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің «Ұлттық сараптама орталығы»  ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының директоры А. Манкеев пен «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары С. Байгабуловқа қатысты ұсынысы қаралды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында А. Манкеев қызмет бойынша ауысу мақсатымен өзінің басшысы С. Байғабыловқа ақша қаражатын бергені анықталды, – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство Сәдуақас Байғабылов Манкеевті Алматы облысындағы қызметке ауыстырғаны үшін 2500 доллар көлемінде пара алғанын нақтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары