«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елордада, Алматыда және Шымкентте жаңбыр жауады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады және +42 дейін аптап болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Астанада:
26 шілде көшпелі бұлтты, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С;
27 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +26+28°С.
Алматыда:
26 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24°С, күндіз қатты ыстық +36+38°С;
27 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз +36+38°С.
Шымкентте:
26 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз қатты ыстық +40+42°С;
27 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз өте ыстық +37+39°С.