Көмір, астық, ұнтақ өнімдері және мұнай сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау «Қазақстан темір жолының» ерекше бақылауында, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жағдай тәулік сайын бақыланады. Компанияда жүктердің әрбір түрі бойынша жедел штабтар мен «жедел желілер» жұмыс істейді. Мүдделі мемлекеттік құрылымдармен, өндірістік кәсіпорындармен және экспорттаушылармен бірлесіп тұрақты кеңестер өткізіледі.
Әлеуметтік маңызы бар жүктерді үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ұйымдастырушылық және технологиялық шаралар қабылдануда. ҚТЖ-да жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті локомотивтер бар.
Егіс және егін жинау науқандары кезінде мұнай өнімдерін тасымалдауға ерекше назар аударылады. Қазақстанда мұнай құю жүктерін тасымалдауға арналған цистерналардың саны (шамамен 9 мың) нарықтың қажеттіліктерін толығымен жабады, - делінген баспасөз мәлімдемесінде.