27.07.2023, 03:30

Қостанай облысының полицейлері 58 келіден астам марихуананы тәркіледі

Фото: Baq.kz
Есірткі жалға алынған гаражда сақталған.

"Қарасора 2023" жедел алдын-алу шарасы шеңберінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аймақ аумағында есірткі таратумен айналысқан 11 адамды ұстау бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция 58 келіден астам марихуананы тәркіледі. Мұндай ірі партияның қара нарықтағы құны 9 млн теңгеден асады. 

Есірткі жалға алынған гаражда сақталған. Сонымен қатар өзгелерге тарату үшін шағын көлемде орама жасап отырған. 

Қылмыстық топ қатысушылары 22 жастан 54 жасқа дейін. Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде 5 күдікті уақытша ұстау изольяторына қамауға алынды. Қалғандарына қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат беру түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.