Қарағанды облысында болған жол апаты екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 27 шілдеге қараған түні Балқаш қаласы мен Шашубай кентінің арасындағы тасжолдың бойында болған. Toyota Camry көлігін тізгіндеген 38 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен.
Жоғары жылдамдықпен жүйткіген көлік қоршауды бұзып өтіп, саяжайдың ауласына кіріп кеткен.
Салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал көлікте болған 33 жастағы әйел басы, кеудесі және қабырғасы сынып, ауруханада көз жұмды, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімі басшысының міндетін аиқарушы Ерғазы Артықбаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.
Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.