$ 494.87  520.65  4.91

«Аптап ыстық, жаңбыр»: Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Алдағы тәуліктерде Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен қалыптасады.
Фото: life09.kz
Фото: life09.kz

Елімізде шілденің 29-ы мен 31-і аралығында ауа райы жауын-шашынды болады деп болжанып отыр. Дегенмен кей өңірлерде қатты аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, 29-31 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады.

Алдағы тәуліктерде Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен қалыптасады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Екпінді жел соғады. 29 шілдеде еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, - деп ескертті синоптиктер.

Десе де демалыс күндері кейбір өңірлерде аптап ыстық болады. 29-31 шілдеде Ақтөбе облысында, 31 шілдеде Жамбыл облысында қатты ыстық болады: күндіз +40...+43°C.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары