$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз - қазақ шекарасында жүк көліктерінің кептелісі бірнеше шақырымға жетті

Mемлекеттік салық қызметінің "жиынтық пост" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі істен шыққан.
фото:Almaty.tv
фото:Almaty.tv

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы бақылау-өткізу пунктінде жүйе істен шығып, салдарынан жүк көліктерінің кептелісі бірнеше шақырымға жетті, деп хабарлайды 24.kg.

Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктері кептеліп қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 27 шілдеде сағат 22.50-ден бастап "Ақ-тілек-автожол", "Чон-капка-автожол", "Чалдыбар-автожол", "Ақ-Жол-автожол" бақылау-өткізу пункттерінде мемлекеттік салық қызметінің "жиынтық пост" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі істен шыққан.

Қырғыз Республикасының МҰҚК Қырғызстанның мемлекеттік салық қызметі ЕАЭО-ға мүше елдерден республика аумағына әкелінетін тауарларды есепке алу үшін "жиынтық пост" ААЖ пайдаланады.

Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің сыртқы көші-қонын есепке алудың бірыңғай жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Жүргізушілермен және жүк тасымалдаушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары