$ 494.87  520.65  4.91

Талдықорғанның бас туы бір айда үш рет жыртылған

Туды жаңартуға жыл сайын қанша ақша жұмсалатынын әкімдік айтқан жоқ.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Жетісу облысының әкімшілік орталығында қаланың бас туы тағы жыртылды. Матасы сапасыз болғандықтан, небәрі бір айдың ішінде ту үш рет өзгертілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шілденің 28-і күні талдықорғандықтар шаһардағы ең биік тұғырға ілінген тудығ тағы да жыртылып қалғанына куә болған. Қала тұрғындары мемлекеттік рәміздің неліктен қайта жарамсыз болып қалғанына қайран.

Мәселенің мәнісін Zakon.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл түсіндіріп берді. Оның айтуынша, қазір тендерлік сатып алу жүйесіне байланысты әкімдікке сапасыз тулар келіп жатыр.

Әкімдік жақсы, сапалы туды бір жерден сатып алып келген. Оларда қатты желде жыртылмайтын екі қабатты жақсы ту бар еді. Қазір тендер өткізіп, стандартты сипаттамасын көрсетеміз, туды төмен баға ұсынғандар жеткізіп жатыр. Мұндай жағдайда бізге бір қабатты ту келеді, – деді әкім.

Бұл мәселені жергілікті әкімдік қалай  шешетіні әзірге белгісіз. Туды жаңартуға жыл сайын қанша ақша жұмсалатынын әкімдік айтқан жоқ.

Осыдан тура бір ай бұрын әлеуметтік желіде Абай облысынан келген қонақ Талдықорғанның бас туы жыртылып қалғанын айтқан бейнежазба таратды. Ту ауыстырылды, бірақ 15 күннен кейін ол тағы жарамсыз болып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары