29.07.2023, 23:30

Жазғы универсиадада ел қоржынына алғашқы медаль түсті

Фото: Pixabay
Бұл үлкен жетістік.

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан универсиадада қазақстандық спортшыларымыз алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Дзюдошы Жұбатқан Сұңғат жекпе-жек сайыста елімізге қола медаль әкелді. Бұл үлкен жетістік. Спортшымызды, барлық отандастарымызды жарқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Жасына қарамастан, Сұңғат қазіргі Олимпиада чемпиондарымен тең дәрежеде өнер көрсетті, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан хабарламада.