Астанадағы рестобардың 32 жастағы даяшысы алаяқтық жолмен 440 мың теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол келушілерге қызмет көрсету кезінде өзінің жеке мобильді банкинг арқылы төлем алғаны анықталды.
Полицияға хабар берген әкімшілік қызметкерінің айтуынша, даяшы бір ай бойы клиенттердің ақшасын жымқырып келген.
Қазіргі уақытта рестобар қызметкеріне қатысты «алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.