30.07.2023, 18:30

Қазақстандық 73 жастағы қария әлемді жаяу араламақ

Фото: egemen.kz
Ол Қазақстан өңірлерін 7 айда жаяу аралап шыққан.

73 жастағы қария Сәрсенбай Қотырашев дүниежүзін жаяу аралауға бекініп, сапарға аттанады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазды.

Мен қайтадан байланыстамын, достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатына шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асықпын. «Ештен кеш жақсы» демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім.

Соған байланысты кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет, - деп жазды саяхатшы.

Еске салсақ, ол Қазақстан өңірлерін 7 айда жаяу аралап шыққан.