30.07.2023, 20:30

Түркияда қазақстандықтар мінген автобус жүк көлігіне соғылып, 2 адам көз жұмды

Фото: ntv.com.tr
Туристік көліктің жүргізушісі мен украиналық гид оқиға орнында мерт болды.

Түркияның Аланья қаласы аумағында туристер мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан екі адам көз жұмып, тағы 12 адам зардап шекті. Жолаушылар арасында қазақстандықтар болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, туристік көліктің жүргізушісі мен украиналық гид оқиға орнында мерт болды.

12 турист, соның ішінде ауыр жарақат алған 6 адам Аланья мен Манавгат аудандарының ауруханаларына жеткізілді.

Haber Global телеарнасының хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілген.

ҚазАқпарат қазақстандықтар жөнінде мәлімет алу үшін еліміздің Сыртқы істер министрлігіне жүгінде. Ведомствода «ақпарат анықталып жатқанын» жеткізді.