31.07.2023, 13:00

Батыс Қазақстан облысында 21 адам бруцеллез жұқтырған

фото: artembolnica2.ru
15 жағдай зертханалық зерттеу кезінде расталды.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысында 6 әкімшілік аумақта бруцеллездің 21 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Halyq Uni.

15 жағдай зертханалық зерттеу кезінде расталды. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арысбаев мәлім етті.

Барлық жағдайда инфекцияның малдан жұққаны белгілі болды. Ауру малды төлдету және ауру малды күту кезінде жұққан, - дейді облыстың бас санитариялық дәрігері.