Әлеуметтік желіде абайтанушы Омар Жәлелдің қыздармен «есі кетіп» билеп жүрген видеосы тараған болатын. Омар Жәлел аталған мәмелеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды baq.kz.
Менің осында билеген биімді Мансұр деген жігіт Tik tok желісіне жүктеген екен. Содан интернеттің бәрі шулап кетті. «Бас биіміздің түрін қара?», «Төле би, Қазыбек, Әйтеке билер көрсе жүрегі жарылып өлер еді» деген пікірлер айтылып жатыр. Сонда адам билеуге болмай ма?, Конституцияда тыйым салынбаған, салт-дәстүрде шектеу қойылмаған. Атақты Шашубай Қошқарбайұлы 80 жасқа дейін билеген. Қазақтарда бұрын сал-серілердің бәрі билеген. «Аққу», «Құс биі», «Бүркіт биі» деген билер болған. Қазір біз өз надандығымыздан биді жоққа шығарып тұрмыз. Би – құдаймен байланысқа шығу, - деп жауап берді Омар Жәлел.