Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізіп отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр. Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау, - делінген федерацияның Telegram-арнасында.
Биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары және Жетісу облысындағы стадиондардың алаңдары жаңартылмақ.
2023 жылы реновация бағдарламасына кіретін футбол алаңдары:
1. ЦСКА стадионы, Алматы қаласы
2. Б.Оңғаров атындағы стадион, Жетісу облысы, Балпық би ауылы
3. «Цементник», Шымкент қаласы
4. №2 БЖСМ, Ақтөбе қаласы
5. «Каспий» СК, Ақтау қаласы