Алматыдағы Ақкент шағын ауданындағы көпқабатты үйдегі өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға түскендердің 16-сы – балалар.
Оқи отырыңыз: Адамдар терезеден секіріп жатыр: Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)
Бірінші тамыз сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы «Ақкент» шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді. Оның 16-сы - бала. Қайтыс болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланады, - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.