01.08.2023, 21:30

Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен кейін 31 адам ауруханаға жеткізілді

Фото: Sputnik
Оның 16-сы – балалар.

Алматыдағы Ақкент шағын ауданындағы көпқабатты үйдегі өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға түскендердің 16-сы – балалар.

Оқи отырыңыз: Адамдар терезеден секіріп жатыр: Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Бірінші тамыз сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы «Ақкент» шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді. Оның 16-сы - бала. Қайтыс болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланады, - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасынан.