Алматы қаласы Ақкент шағын ауданындағы №54 көпқабатты тұрғын үйде болған өртке қатысты бірқатар шара қабылданып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атап айтқанда, аудан әкімі А. Қалдыбековтің төрағалығымен №54 үйдің алдында жедел штаб құрылды, оған ТЖД, ПБ, прокуратура, ҰҚК, әкімдік, РМО, РҚБ өкілдері кіреді;
- Жедел штабтың тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды;
- Полиция басқармасы зардап шеккен азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырды;
- Зардап шеккен тұрғындар үшін тамақтану және түнеу ұйымдастырылды (178 лицейдің қонақ үйі мен спорт залы);
- Алматы қаласының құтқару қызметі арқылы 250 төсектік төсемдер мен матрацтар ұйымдастырылады;
- Аумақты санитарлық тазарту бойынша аудан қызметінің жұмысы ұйымдастырылды;
- Аудан әкімдігі пәтердің бүлінген материалдарын (терезелер, есіктер және басқалар) қалпына келтіру мәселесі бойынша құрылыс салушымен келіссөздер жүргізді, оның нәтижелері бойынша құрылыс салушы пәтерлерді қалпына келтіруге міндеттенді;
- Тұрғындар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;
- Зардап шеккендер үшін жедел желі ұйымдастырылды: 87071872507 3989820;
- Зардап шеккендерді уақытша тұрумен қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы қонақүйлермен келіссөздер жүргізілді;
Қазіргі уақытта барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істейді, аудан әкімі А. Қалдыбеков және барлық мүдделі қалалық және аудандық қызметкер оқиға болған жерде. Қазіргі кезде жағдай тұрақты.