$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанды бірге салайық»: Жаңа адамдар елорда тұрғындарымен кездесті

Жаңа адамдар елорданың тұрғындарымен бірігіп, шенеуніктер өздері мен балалары үшін қалайтын болашақты көрнекі түрде көрсетуге шешім қабылдады.
Фото: Жаңа Адамдар
Фото: Жаңа Адамдар

Өткенде LRT жобасында көптеген қателер бар болғанын айтқанмын. Алайда, қазір біз амалсыздан осы жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT құрылысын тоқтатсақ, шығындар одан да қатты көбейіп кетеді…, — деген болатын Астананың дамуына арналған жиналыста мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өкінішке орай, көптеген жағдайда Президент бұйрық бермегенше шенеуніктер азаматтардың мәселелерін шешуге асықпайды, олар туралы ойламайды да. LRT-дан басқа Астанада көптеген мәселелер бар: қауіпті жаяужолдар, жоғары оқу орындарының төбесінен судың ағуы. Мәселелердің түзетілмеуі азаматтарды қолайсыз өмір шарттарына әдеттенуге мәжбүрлейді. Ал атқамінерлер барлық тұрғындар үшін ыңғайлы болатын Астананы тіпті елестете алмайды. 

Жаңа адамдар елорданың тұрғындарымен бірігіп, атқамінерлерге өздері мен өз балалары үшін қалайтын болашақты көрнекі түрде көрсетуге шешім қабылдады. 30 шілде, құрылысы 12 жылға созылған LRT-ның , белсенділер тұрғындармен бірге қала әкімдідігінің алдында  Қазақстандағы ең үлкен пазлды жасады. 200 шаршы метрге жайғастырылған ойжұмбақ болашақ Астананы бейнелейді. Ол дамыған велоинфрақұрылымды, көрікті бұрқақтарды, ыңғайлы жаяужолдарды, жөнделген стадионды, фламинго мекендейтін кіші Талдыкөл өзенді, тіпті жұмыс істейтін LRT көрсетті. Тұрғындар Астананың дәл осындай түрін болашақта көргісі келеді. Олар көптеген мәселелелрді жеңіп шыққан қалада өмір сүруге үміттенеді. 

Осы пазл біздің наразылығымыздың және батылдығымыздың нышаны болады. Біз атқамінерлердің өз басты міндетін орындамай жүргенімен, яғни адамдарға қамқорлық көрсетпеуімен келісуге міндетті емеспіз. Бұл дұрыс емес!, - дейді "Жаңа Адамдар" мүшесі Ахметов Мирас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары