$ 489.06  536.21  5.05

Алматыда трамвай жолының орнына LRT салынады

Бас жоспарының жобасына сәйкес Алматыда ұзындығы 79 км LRT салынады.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматыда ұзындығы 79 км LRT салынады. Бұл туралы қалалық әкімдік Sputnik Қазақстан агенттігіне айтты.

Алматыда трамвайдың жүрмегеніне 10 жылға таяп қалды. 1937 жылы іргетасы қаланған қоғамдық көлік 2015 жылы өз қызметін түбегейлі тоқтатты. Өйткені алматылықтардың небәрі 20-25%-ін ғана қамтамасыз еткен. Сәйкесінше пайдасы да болмаған.

Қаланы дамытудың 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарының жобасына сәйкес Алматыда ұзындығы 79 км LRT салынады.

Бірінші LRT желісі – 31 км, екінші LRT желісі – 19 км, үшінші LRT желісі – 29 км болады. Ұзындығы 31 км болатын LRT-нің бірінші желісі Төле би көшесімен Алатау даңғылына дейін, одан әрі Алатау даңғылымен Барлық базарына дейін созылады, - дейді қалалық әкімдік.

31 шақырымдық LRT Момышұлы көшесімен қозғалып, солтүстік бағытта Төле би көшесінен Алатау ауданындағы индустриалды аймаққа дейін, шығыс бағытта Төле би көшесінен Желтоқсан көшесіне және Райымбек даңғылына дейін өтеді.

Бұл жол одан әрі Райымбек даңғылынан Халық аренаға қала шекарасы шегіне дейін жетеді. Бірінші LRT 2030 жылға дейін бітеді деп жоспарланған, - дейді ведомство.

Қаланы дамытудың бас жоспары бекітілгеннен кейін әзірлік басталады. Ірі жобаның инвестициялар көлемі, қаржыландыру көздері мен құрылыс мерзімдері техникалық-экономикалық негіздеме бекітілгеннен кейін белгілі болады.

Ал ұзындығы 19 км LRT-нің екінші желісі Төле би көшесінен шығып, Жароков көшесі бойымен оңтүстік бағытта Қазақфильм шағын ауданына дейін жоспарланған. Төле би көшесінен шығып, Момышұлы көшесі бойымен оңтүстік бағытта Торайғыров көшесіне дейін, одан әрі Жароков көшесіне дейін жалғасады, - дейді әкімдік.

Алматыдағы бұл екінші LRT жоспар бойынша 2032 жылы салынып бітеді.

Ұзындығы 29 км болатын үшінші LRT желісі Саин көшесі бойымен өтеді. Момышұлы көшесінен Теміржол вокзалы-3-ке дейін және Саин көшесінен шығыс бағытта үлкен Алматы каналы бойымен жүреді. Әрі қарай Хмельницкий көшесіне шығып, Жұмабаев көшесі бойымен Талғар трактісіне дейін жоспарланған, - дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Соңғы үшінші LRT жоспар бойынша 2040 жылы салынып бітеді. Үш жобаның құрылысы жалпы 10 жылға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары