Өртенген "Ақкент" тұрғындарына екі айдан кейін ғана пәтерлеріне кіруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Massaget.kz.
Алматы әкімдігі тұрғын үй кешенін салушы Ayt housing Complex ЖШС-мен келіссөз жүргізген. Оның қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданған:
2 қыркүйекке дейін "Ақкент" ТК пәтерлерінде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру;
құрылыс салушының қаржысы есебінен кіреберіс алаңдарына жөндеу жүргізу;
құрылыс салушының қаржысы есебінен есіктер мен терезелерді ауыстыруға, құтқару операциясы барысында тартылған балкондарды жөндеуге жұмсалатын шығындарды өтеуге;
пәтерлерде әрлеу жұмыстарын жүргізу (левкас/қабырғаларды, төбелерді бояу (жөндеуден кейінгі жұмыстарды тұрғындар өздері жүргізеді);
барлық жұмысты аяқтап, тұрғындарға пәтерлерге 20 қыркүйектен кешіктірмей кіруге рұқсат беру;
пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде тұрғындарға уақытша тұру бойынша шығынды өтеуге немесе ТЖ желісі бойынша шаралар аясында тұрғын үй беруге.
Еске салайық, Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.
Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.
Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.
Сондай-ақ, өрт шыққан үйдің ішкі көрінісі жарияланды.