$ 439.43  473.31  4.82

«Тобыл» таңғажайып көрсеткішпен Конференция лигасының үшінші сатысына шықты

Екі ойынның нәтижесімен қостанайлық клуб жарыстың үшінші сатысына жолдама алды.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында қостанайлық «Тобыл» Швейцарияның «Базель» командасымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Кездесуді швейцариялық команда белсенді бастады.

Нәтижесінде олардың қатарынан Антон Каде 26-минутта есеп ашса, Жан Кевин Огустен 32-минутта пенальтиден басымдықты арттырды.

Ойынның 43-минутында «Базель» қақпасына белгіленген пенальтиден Серж Дебле мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетсек, алғашқы кездесуде қостанайлық клуб аталған қарсыласынан 3:1 есебімен басым түскен еді.

Екі ойынның нәтижесімен қостанайлық клуб жарыстың үшінші сатысына жолдама алды.

Қостанайлық клуб жарыстың үшінші сатысында «Тобыл» 10 және 17 тамыз күндері «Дерри Сити» (Ирландия) және КуПС (Финляндия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Қостанайлық клуб бұған дейін 2006 жылы UEFA кубогы бірінші іріктеу сатысында «Базель» клубына (1:3, 0:0) жол берген.

Енді 22.00-де «Ақтөбе» өз алаңында Грузияның «Торпедо Кутаиси», 00.50-де шымкенттік «Ордабасы» Польшада жергілікті «Легиямен» шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары