Жамбыл облысында құрғақ шөп өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ҚР ТЖМ хабарлауынша, Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 орамдары) аумағында таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды.
Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.