04.08.2023, 14:20

«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалағандардың бірі қайтыс болды

Фото: inform. kz
«Дос-Мұқасан» ансамблі – 1967 жылы Қазақ политехникалық студенттерінен құрылған өнер тобы.

75 жасқа қараған шағында Александр Михайлович Литвинов қайтыс болды. 

Бұл туралы "Дос-Мұқасан" ансамблінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Александр Михайлович Литвинов дүниеден озды. Ол біздің ансамблдің негізін қалаушы, барабаншы болды.  "Дос-Мұқасан" ансамблі Литвиновтің отбасына, балаларына, жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол біздің жүректерімізде ең шынайы, ең жұмсақ, ең жақсы адам ретінде қалады! Жатқан жері жайлы болсын!, - делінген хабарламада.