$ 443.44  480.51  4.88

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза болды

Қазіргі уақытта жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екендігі белгісіз.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні Күршім ауданының аумағында болған.

«Күршім-Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында «Nissan Teana» маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екендігі белгісіз.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары