$ 494.87  520.65  4.91

Кентау әкімі лауазымын 4 млн теңгеге сатпақ болған

Бұл ұсынысқа келіскен азамат әйелге алдын ала 650 мың теңге берген.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада Кентау қаласының әкімі қызметін 4 миллион теңгеге сатпақ болған әйел сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елордалық соттың мәліметінше, сотталушы Кентау қаласының әкімі болғысы келгендерге 4 миллион теңгеге көмектесуге деп уәде берген. Бұл ұсынысқа келіскен азамат әйелге алдын ала 650 мың теңге берген.

Бұған қоса астаналық әйел тағы бір лауазымды 4 миллион теңгеге "сатқан". Ол осы соманың көп бөлігін, яғни 3,6 миллион теңгені алдын ала алып, танысын  банк директоры етіп жұмысқа орналастырмақ болған.

Сотталушы әйел өз кінәсін толық мойындамады, дегенмен оның іске қатыстылығы жәбірленушілер мен куәлардың айғақтары, хат-хабарлардың скриншоттары, аудиохабарламалар және басқа да материалдармен дәлелденді.

Сот әйелді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабы 3-бөлімінің 1,4- тармақтары (алаяқтық) бойынша кінәлі деп тапты. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кәмелетке толмаған үш баласы бар екені, келтірілген шығынның бір бөлігін өз еркімен өтегені ескерілді. Осыны ескере отырып, сот оған үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толығымен қанағаттандырылды", – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары