05.08.2023, 01:30

Астанада кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған блогер 7 жылға сотталды

Фото: NewTimes.kz
Нақтылап айтқанда, блогер 50 млн теңге сомасында ақшалай қаражат талап еткен.

2023 жылы 4 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деп айыпталған блогер ісі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот журналист Т-ның «YouTube» арнасында 2020 жылдың маусым айынан бастап ЖШС-нің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтері бар бейнероликтер жариялағанын анықтады. 2023 жылы 7 желтоқсанда ЖШС заңгерінің барлық бейнероликті жою жөніндегі талаптарына ол қарсы талапты алға тартқан. Нақтылап айтқанда, блогер 50 млн теңге сомасында ақшалай қаражат талап еткен.

Сотта Т-ның кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, сыртқы және ішкі бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбалар, сараптама актілері, заттай дәлелдемелер арқылы дәлелденді,- делінген сот хабарламасында.