Электр қуатының берілмеуіне байланысты 3 мыңнан астам өндіруші кеніш пен пласт қысымын қолдаушы құрылғылардың жұмысы тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жағдай бірінші кезекте жалақыға әсер етуі мүмкін деген оймен жұмысшыларды алаңдатып отыр.
Қалыптасқан жағдайға компания өкілдері пікір білдірді.
«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы өкілдерінің хабарлауынша, жұмыс 4-ші тамыздан бастап тоқтады. Басты себеп – электр қуатының жетіспеушілігі. Жұмыс тоқтаса, келесі айда жалықымызға әсер етеді деп жұмысшылар алаңдап отыр.
«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өкілдері Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының жұмысында да қиындықтар бар екенін айтты.
3 шілде күні автоматты жиілік жеңілдеткіші іске қосылып, насос станциясының 30 құрылғысының жұмысы тоқтады.
Энергия таратушы ұйымның электр қуатына шектеу енгізілді. Барлығы 3784 өндіруші кеніш пен пласт қысымын қолдаушы 36 құрылғының жұмысы тоқтатылды.
Айта кетейік, сыған дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының арнайы тобы «Өзенмұнайгаз» компаниясына тексеру жүргізіп, оның қаржы-шаруашылық қызметінен 160 заң бұзушылық анықтаған болатын.