06.08.2023, 01:30

«Каспий» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

Фото: Pixabay
Ал Қарағандының «Шахтері» мен «Атырау» 2:2 есебімен ойнайды.

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 18-турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 тамызда алғашқы ойында Талдықорғанның «Жетісуы» мен Петропавлдың «Қызылжары» кездесті. Ойын барысында командалар тартысты ойын өрбітті. Нәтижесінде олар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Тағы бір ойында Ақтаудың «Каспийі» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсуын» 3:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша ақтаулық клуб қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті.

Ал Қарағандының «Шахтері» мен «Атырау» 2:2 есебімен ойнайды.

Енді 6 тамызда 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайсар» (Қызылорда), 21:00-де «Ақтөбе» мен «Қайрат» (Алматы) кездеседі.

Аталған турдағы «Ордабасы» (Шымкент) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) кездесуін 27 қыркүйекте өткізу жоспарланып отыр.

Бұл турдағы «Астана» мен «Оқжетпес» (Ақмола облысы) белгісіз мерзімге кейінге қалдырылған.