06.08.2023, 17:30

Екі адам мерт болды: Түркістан облысында белгісіз біреулер оқ атып, қашып кеткен

Фото: zakon.kz
Полиция ақпаратынша, қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

5-тамызда Түркістан облысындағы қарулы шабуылдан екі адам қаза тауып, екі адам жарақат алған. Полицейлер оқ атты деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен.

Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Полиция ақпаратынша, қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

"Ұстау" жоспары құрылып, күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. Ведомство Қылмыстық процестік кодекстінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейтінін мәлімдеді.

Тегтер: полиция атыс