$ 476.89  505.27  4.95
Жаңалықтар 06.08.2023 сағат 21:30

Әділбек Мусин Универсиада жүлдегері атанды

Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 20 медаль бар.
Әділбек Мусин Универсиада жүлдегері атанды
Фото: Instagram/mussin_adilbek

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиадада қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан бәсекеде қазақстандық 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 52,03 секундта мәреге жетті.

Алтын және күміс жүлделерді поляк спортшылары алды.

Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 20 медаль: 2 алтын, 7 күміс және 11 қола бар.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар