$ 441.58  480  4.86

Орал тұрғыны балалардың көзінше итті пышақтап өлтірген

Бәрі балалардың көзінше болды.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Орал қаласында ер адам балалардың көзінше итті пышақтап өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Instagram әлеуметтік желісінде жануарларды қорғау жөніндегі Inucobo қауымдастығы мәлім еткеніндей, ер адам пышақпен қалада еркін серуендеп жүрген.

"Бәрі балалардың көзінше болды. Волонтерлар шағым түсірді, бірақ олар полиция қызметкерлерінің істі жан-жақты қарағысы келмеуіне наразы", делінген жазбада.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 5 тамызға қараған түні сағат 00.30-да Гагарин көшесі 36/2-мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында болғанын жеткізді.

Ер адам итті пышақтап өлтірген. Қабылданған шаралар нәтижесінде күдікті анықталды. Орал қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК 316-бабына (жануарларға қатыгездiкпен қарау) сәйкес тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары