06.08.2023, 23:30

Қызылордада үш жасар сәби төртінші қабаттан құлап кетті

Фото: Pixabay
Ересектердің қадағалауынсыз қалған сәби терезеден құлап кеткен.

Қызылорда қаласында үш жастағы сәби төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бүгін, 6 тамызда сағат 13:06-да хабарлама келіп түсті.

Онда Байтұрсынов көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатынан 2020 жылғы ұл баланың құлап кеткені айтылған. Ересектердің қадағалауынсыз қалған сәби терезеден құлап кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің маманы болып, мән-жайды анықтады, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.