8 тамызда Торонтода (Канада) ерлер арасындағы ATP 1000 санатындағы турнирдің бірінші айналымдағы матчтары өтеді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстанның жекелей сындағы үздік теннисшісі, әлемдік рейтингіде 28-орында тұрған Александр Бублик әлемнің 17-ракеткасы, поляк Хуберт Гуркачқа қарсы ойнайды.
Матч Астана уақытымен шамамен 00:30-да басталады.
Бублик - Гуркач матчының жеңімпазы екінші айналымда Кристиан Гарин (Чили) мен Миомир Кечмановичтің (Сербия) біреуімен кездеседі.