08.08.2023, 09:20

Астанада футбол қақпасы оқушының өліміне себеп болды: оқыс оқиғаның мән-жайы

Фото: Pixabay
Ведомство сонымен бірге қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалынын хабарлады.

Астана полиция департаменті мектеп аумағындағы футбол ойнап жүріп қаза тапқан баланың өліміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 тамызда полицияға мектеп алаңында футбол ойыны кезінде оқыс оқиға болып, баланың басына темір конструкция құлап, салдарынан оның сол жерде қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Астана полиция департаменті

Ведомство сонымен бірге қандай бап бойынша қылмыстық іс қозғалынын хабарлады.

Аталған факті бойынша Байқоңыр аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Астана полиция департаменті

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының негізінде өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.