Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Монреаль WTA 1000 турниріне шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық спортшы аталмыш жарыстың іріктеу сайыстарының финалында жеңіліс тауып, негізгі додаға қосыла алмаған еді.
Соған қарамастан, чехиялық Линда Носкова турнирде ойнамайтын болды да, оның орнына Ю. Путинцева шақыртылды. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 53-ракеткасы, америкалық Бернарда Перамен кортқа шығады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы анықталды. Дүниежүзілік рейтингте 584-орында тұрған америкалық Дженнифер Брэйди күтпеген жерден тартысты матчта әлемнің 20-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гарростың жеңімпазы, латвиялық Елена Остапенконы ұтып кетті – 7:6 (9:7), 0:6, 7:6 (10:8).
Ю. Путинцева Б. Перамен бүгін, Е. Рыбакина Д. Брэйдимен ертең ойнайды.