08.08.2023, 12:20

Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді

Фото: Ақмола ТЖД
Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды.

Көкшетауда нан зауытының қоймасы өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 тамыз күні сағат 02:25 шамасында "Көкшетау нан зауыты" ЖШС-нің аумағындағы қоймадан шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Сағат 03:00 өрт ауыздықталып, 04:53 толық сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 42 адам және 13 өрт сөндіру техникасы тартылды, - деді ведомстводан.